xxx porn porn xxx xxx
Arrow
Arrow
Slider

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтарал ауданының күндері және "Туған жер - алтын бесігім" атты облыстық фестиваль аясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында 10-ға жуық іс-шаралар өтті. 

Мақталы орда бүгінде облыс бойынша өндірілетін мақтаның 80 %-ын, бақша дақылдарының (қауын, қарбыз) 50%-ын, жеміс-жидектің 30%-ын, көкөніс дақылдарының 10%-ын өндіріп отыр. Мақтаралдық шаруалар Шымкент қаласындағы "Рахима плаза" сауда орталығының жанында "Мырзашөл сыйы" атты ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіп, бақша, жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт т.б. 250 тоннадан астам өнімдерді жеңіл бағада облыс тұрғындарына ұсынды. Әсіресе, экологиялық таза өнімдер қала тұрғындары үшін ерекше сый болды. 

Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында қойылған Қ.Аманжоловтың "Досымның үйленуі" спектаклін "Асықата" халық театры сомдады. «Досымның үйленуі» пьесасын ақын 1948 жылы жазған. Сол заманғы идеология бойынша жазылған шығармада ауыл тіршілігі суреттеледі. Есепші болып қызмет ететін Досымға шешесі Биғаным Мәмпәси атты бойжеткенді алып бермекші болады. Алай да, Досым сүйген қызы Нәсипаға қосылғысы келеді. Мұнда, негізінен ана мен бала арасындағы байланыстар, олардың өмірге көзқарастары, қилы мінездері қаз қалпында шынайы бейнеленеді. Әртістердің шеберлігінің арқасында комедия жанрындағы қойылым сәтті қойылып, қала тұрғындарын күлкіге бөледі. Фестивальдің талабы бойынша кәсіби емес әртістер ойнаған қойылымға "Нар ТВ" телеарнасының директоры Е.Әмірбек "Әртіс еместі әртіс ету жетісайлықтардың ғана қолынан келеді" деп жоғары баға берді. 

"Отырар" әмбебап ғылыми кітапханасында Мақтарал ауданынан шыққан белді ақындар И.Сапарбай, Б.Әшірбаев және жазушы Н.Қадырбаевпен әдеби-сазды кездесу кеші өтті. Түркі поэзиясы Халықараралық фестивалінің, І.Жансүгіров атындағы сыйлығының және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты атақтарын алған И.Сапарбайдың 20-ға жуық жыр жинақтары бар. 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. И.Сапарбайдың «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы» пьесалары театр сахнасында талай жылдан бері қойылып жүр. Сол сияқты Тоқтар Серіковтың орындауындағы танымал "Көршінің қызы" әнінің авторы, айтыскер ақын, сазгер, журналист Бекжан Әшірбаев Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының, «Қазақ авторлары қоғамының» мүшесі. «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты атанған. «Қоңыр әуен» жыр жинағы жарық көрген. Ең қызығы, әдеби кеште мектеп оқушылары бой көрсетіп, әдебиетке деген жастардың сүйіспеншілігі әлі де болса азаймағаны белгілі болды. 

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда "Жетісай сазы", "Мереке" халықтық ұлт-аспаптар оркестрлері және өнер майталмандарының, "Ақ әжелер" ансамблінің концерттік бағдарламасы қойылды. Мырзашөл өңірінің алғашқы өнер ұжымы «Жетісай сазы» оркестрінің ұйымдастырушысы, ҚР мәдениет қайраткері, өнертану ғылымдарының профессоры, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Бөрі Исаұлы күллі республиға танымал дирижер екені мәлім. Жанды дауыста шырқалған әуендер қалың көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен демалыс сыйлады. 

"Шәмші әлемі" гүлзарында мақтаралдық қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті. Іс-шараның мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес ұлттық өнерімізді насихаттап, ел ішіндегі шеберлерді көпшілікке таныту болатын. Көрмеге ат әбзелдері, түрлі картиналар, құмыра, көрпе-көпшік, бесіктерден бастап моншақ, сырға, сақина, зергерлік туындыларға дейін т.б. бұйымдар қойылған. Сонымен қатар, "Made in Zhetysai" немесе мақтаралдық кәсіпкерлер өндіретін тауарлар мен өнімдер көрмеде көрсетіліп, қарапайым аяқ-киімнің өзі Мақтарал ауданынан шығатынына жұрт таң қалысты. Әсіресе, көрмеде киіз үй тігіліп, ұмыт болған қазақтың тағамдары жаңғыртылды. Кейіннен белгілі блогерлер "Не шықса да Жетісайдан шығады" деп, көрмеде көрсетілген заттарға сүйсінгенін жазды. 

Мақтарал ауданы туралы "ТОҒЫЗЫНШЫ ТАҢҒАЖАЙЫП" атты бейнеролик Тәуелсіздік жылдары дамыған Мырзашөл өңірінің бет-бейнесін көрсетті. Кең байтақ Қазақстан Республикасының қиыр Оңтүстігі саналған Мырзашөл төсіне қоныс тігіп, шаңырақ көтерген Мақтарал ауданының құрылғанына келер жылы 90 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде киелі өңірдің өсуі, өркендеуі, қарыштап дамуына көз жіберсек, тарихи 90 жыл мың жылға бергісіз уақыт екеніне еріксіз сүйсінесіз. Шөл даланың төсі абаттанып, адам танымастай құлпырды, өзгерді, көріктенді. Мырза даланың төсінде ақ үйлер мен зәулім ғимараттар, мәуесі төгілген бау-бақшалар, «ақ алтынды» алқаптар пайда болды. Ағылшынның ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қайраткері Хью Уотт: "Бұдан екі жыл бұрын Голландияның жұмыстарын көріп, бұл әлемдегі сегізінші таңғажайып жағдай деп баға беріп едім. Ал, қазір Мырзашөлдегі жасалынып жатқан жұмыстарды көріп, бұл тоғызыншы таңғажайып дер едім. Мұндағы техникалық жетістіктер, дала мәдениетінің дамуы - Одақта теңдесі жоқ" - деген сөзді сонай КСРО-ның уақытында айтқан болатын. Ал, Тәуелсіздік жылдары дамыған Мақтаралдың ғажайыптары дәл осы видеороликте көрсетілді. 

Мақтарал ауданы мақтаның ордасы ғана емес, "өнердің" де ордасы саналады. "Туған жер - алтын бесігім" атты облыстық фестиваль "Мақтарал әуендері" атты гала-концертпен аяқталды. "Аққу" және "Салтанат" халықтық ән-би ансамблдері "Мақтаралым" композициялық көрінісін көрсетсе, "Жетісай сазы" халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің "Той" шығармасы ұлыстың ұлы тойын көрермендердің көз алдына келтірді. Сол сияқты күйшілер шеруі, дәстүрлі әндер шеруі, Мақтарал туралы әуендердің шеруі, ақындардың жыр шашуы, жайдарман әзілдері т.б. қойылымдар тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Гала-концерт туралы Оңтүстікке белгілі жас режиссер Х.Муталиев: "Бір сарында өтіп келе жатқан шараның ерекшелігін бүгін Мақтарал ауданы 180 градусқа бұрып жіберді десем қате айтпағаным. Алғашында көгілдір экраннан ауданның жетістіктері, танымал тұлғалары, ерекшеліктері айтылып өтіп жұрт назарын лезде өздеріне аударды. Шәмші гүлзары сол сәтте көрерменге толы болып, Жетісайдың өнерпаздарының концертін тамашалау сәтінде үнсіздік сақтады. Себеп, шараның режиссуралық жұмысы, нөмірлердің бірінен соң бірі үйлесім табуы концерттің сәтті өтуіне ықпал етті. Көрермен әрі сыншы ретінде мен ешқандай кемшілік байқамадым. Алдынғы аудандардың шара барысында жіберген қателіктері мұнда көрініс таппады. Демек, жауапкершілік, тынымсыз еңбек мақтаралдықтардың басты міндеті болғаны. Мақталы Мақтаралдың жетістіктерін, мәдени, рухани, әр сала бойынша даму үрдісін көрсете білгені үшін аудан әкіміне алғысым шексіз! Жергілікті 360 мың халықтың намысын қорғап, кереметтей етіп өткізген бір күндік шараларына оң баға береміз! Жемісті өлкенің жеңісі көп болсын!" - деп, жоғары баға берді. 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 


#болашаққабағдар 
#руханижаңғыру 
#тоғызыншытаңғажайып 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

"Мақтаарал" газеті

EGOV

QAMQOR

WHATSAPP

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН КӨРСЕТКІШТЕРІ

БАҚ

Жолдау

Қауіпсіз аудан

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

  • 1414
  • 515151
superbahis yeni giris superbahis ozel ucak kiralama escort kibris chat istanbul bayan escort istanbul escort bayan sirinevler escort bayan asyabahis giris