xxx porn porn xxx xxx
Arrow
Arrow
Slider

Бүгін Мақтарал ауданында ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар және мақта дақылының зиянкестерімен күресу шаралары тақырыбында семинар-кеңес болып өтті. "Кетебай" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде өткен іс-шараға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев арнайы қатысып, жиынды жүргізіп отырды. 


Ең бірінші болып сөзге шыққан аудан әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары А.Махамбетов ауданда 138 мың гектар егістік алқап 100 пайыз пайдаланылып, толығымен егін егілгендігін атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің ең күнгейінде орналасқан ауданның диқандары қазірдің өзінде 46732 тонна қырыққабат, 585 тонна сарымсақ, 1429 тонна баклажан, 718 тонна болгар бұрышы және 13593 тонна бақша өнімдерін өндіріп, шетелге экспорттағанын айтты. 



Жиын барысында аудандық болжам орталығының басшысы Б.Мырзаев аудан көлемінде мақта дақылы зиянкестерінің таралуы туралы хабарлады. Бүгінгі таңда мекеменің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде арық-атыздар мен арам шөптерден өткен зиянкестер мақталық алқаптарға тарала бастаған. Атап айтқанда, 29-мамыр күні өрмекші кенесінің алқаптарға таралғаны хабарланса, "Кетебай" өндірістік кооперативінің мақталық алқабында мақта көбелегінің жұмыртқа қоя бастағаны анықталыпты. 



"Бір аналық көбелек 700-ден 2500-ге дейін жұмыртқа сала алады. Ауа-райына байланысты жұмыртқадан 2-6 күннің ішінде жұлдыз құрттар шығып, мақтаның жапырақтарына зиян келтіре бастайды. Сондықтан, дәл қазір мақта зиянкестеріне қарсы биологиялық күресті жедел қолға алуымыз керек. Атап айтқанда, мақта көбелегінің әр ұрпағының жұмыртқа салу кезеңіне қарсы тихограмма және алтынкөз жәндіктерін жіберу қажет" - деді Б.Мырзаев. 



Келесі сөзге шыққан аудандық аумақтық инспекция басшысы Т.Елшібаев ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне егістік алқаптарын сақтандыру және карантиндік зиянкестермен, арамшөптермен күресу жұмыстары туралы баяндады. Инспекция басшысы ауданда сары шырмауық шөбінің шектен тыс көбейіп кеткендігін айтып, онымен бірігіп күресу үшін шаруаларды құлағдар етті. 



Семинар-кеңесте шаруалар мақта зиянкестеріне қарсы тұруға бағытталған тәжірибелерімен, өздерінің ойлап тапқан ғылыми-техникалық шараларымен бөлісті. "Нұралы жер" шаруа қожалығының төрағасы Ербол Ералиев былтыр мақта зиянкестеріне қарсы күресте "Караген" химиялық препараттың өте пайдалы болғанын айтып, оны пайдаланудың жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, "КазАгроВетснаб" ЖШС-ның Мақтарал ауданындағы өкілі Д.Дүйсенбеков мақта дақылының зиянкестеріне қарсы қолданылатын басқа да химиялық преппараттар туралы баяндады. 



Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ж.Бейсенбаев: "Мемлекеттік ең бірінші байлығы - ол халық және оның денсаулығы. Химикатты шашып жатқан шаруалар өзінің денсаулығына зиянын тигізіп жатқанын білуі керек. Біз биотәсілдерді қолдана отырып барынша экологиялық таза өнімдер шығаруымыз қажет. Егер, биотәсілдер пайда бермей іс насырға шапқанда ғана химиялық тәсілді қолдана беруге болады" - деді. 



Айта кетейік, Қарақай ауылдық округі, Кетебай ауылындағы «Нұр-Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресетін биолабораториясы, тұқымдық мақта шитін тазалайтын, іріктейтін, дәрілейтін тұқым цехы бар. Сондай-ақ, қуаты 100 тракторға есептелінген орталық жөндеу шеберханасы, жанар-жағармай қоймасы, құрылыс бригадасы, 9 мақта бригадасы, мақта қабылдау пункті мен орталық қоймасы да жұмыс жасайды. Кооператив өзінің техникалық базасы және жұмыс күшінің арқасында былтыр мақта зиянкестеріне қарсы тұрып, мол өнім алуға қол жеткізді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

"Мақтаарал" газеті

EGOV

QAMQOR

WHATSAPP

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН КӨРСЕТКІШТЕРІ

БАҚ

Жолдау

Қауіпсіз аудан

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

  • 1414
  • 515151
ozel ucak kiralama ucuz paykasa chat atakoy escort sisli escort istanbul escort escort kibris kktc escort